Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ARES-2017 рейтингісінде

Еуропалық ғылыми – өндірістік палата жыл сайынғы ARES-2017 жоғары оқу орындарының халықаралық академиялық рейтингісінің нәтижесін шығарды.

Рейтингтің мақсаты – жоғары оқу орындарының Еуропалық стандарттарға, оның ішінде ESG-2015 (Standards and Guidelines for Quality Assurance in the European Higher Education Area), сай бағалау.

Рейтингті құру кезінде негізгі көңіл бөлінетін көрсеткіштер: ғылыми қызмет, халықаралық ынтымақтастық, түлектердің талап етілуі, ақпараттандыру, біліктілікті арттыру деңгейі және профессорлық оқытушы құрамның халықаралық мойындалуы, европалық ғылыми академияларда мүшелігі, марапаттаулар, жұмыс берушілермен қарым-қатынас. Рейтинг адам факторының қатысуынсыз автоматты түрде өңделеді.

Бағалау нәтижесі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 95 қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде 11 орынға ие болып, «А» - білім берудің, ғылыми қызметтің және түлектердің жұмыс берушілермен талап етілуініңу жоғары сапасы (High quality performance) категориясы берілді (http://www.eurochambres.org/ares-2017/kazakhstan/).

2017 жылы жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде 11 орынға ие болуы университет ұжымының бірлескен, табанды, еңбекті жұмысының көрсеткіші бола отырып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ соңғы жылдардағы даму қарқынының толық қанды айғағы болады.

Еске сала кетсек, 2016 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 94 қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде 11 орын алып, «ВВВ+» - білім берудің, ғылыми қызметтің және түлектердің жұмыс берушілермен талап етілуінің сенімді сапасы (Good quality performance) категориясын алған еді.

Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo