Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ Арыс тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинауда

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Арыс қаласындағы жарылыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылды.

Облыс әкімі Д. Ахметов азаматтарды көмек көрсетуге үндеп, жылу жинау ерікті түрде өтуі тиіс екенін де ескертті. Бастамаға бірден ШҚМУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері де үн қатты.

Өңірде гуманитарлық көмек жинау жөнінде штаб құрылыды, оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген де еніп отыр. Оқу орнында көмек жинау бекеті ашылды.

Алғаш болып көмек қолын созғандар – ректор, проректорлар,  психология және коррекциялық педагогика кафедрасы, экономика және басқару кафедрасы, бухгалтерия, №7 оқу ғимаратының ұжымы, №1, 3, 4 Студенттер үйлері, «Atletic» дүкені.

Гуманитарлық көмек ретінде жиналған заттар құрамында азық-түлік (күнбағыс майы, макарон, шай, қарақұмық, қойылтылған сүт, бұқтырылған ет, сусындар), жуғыш заттар (тіс пастасы, сабын, сусабын), аяқ киім бар.   

Пункт №5 оқу ғимаратында (Қазақстан к., 55) орналасқан.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo