- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Университет ректоры "Үштілді білім беру академиялық ұтқырлықты жоғарылату факторы ретінде Еуропа және Қазақстан тәжірибесі" тақырыбында өткен xалықаралық семинарға қатысты.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шараның негізгі мақсаты елімізде үштілді білім беру процессін ары қарай дамыту.
Пленарлық отырыстың ашылуында ҚР Білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиев аудитория алдында ағылшын тілінде сөз сөйлеп, үштілді білім беруді дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне аса назар аударды. Семинар жұмысына xалықаралық мамандар да қатысты.
Аталған шара қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар жасалып, тың ойлар айтылды
Баспасөз қызметі