Өскеменнің ең жасыл аумақтарының бірі – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 30-шы Гвардиялық дивизия көшесіндегі №1 оқу ғимаратының айналасында 250 шырша өсіп тұр.
Жасыл шыршалары, қарағайлары мол Студенттік қалашықта №1 оқу ғимараты, Жоғары колледж, №3, 4, 5 Студенттер үйлері, «Берел» баспасы, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, А.Трунов атындағы фитнес орталық орналасқан.
Биыл осы аумаққа тағы да жас көшеттер егілген болатын.
Университет аумағын Өскеменнің ең жасыл, ең шыршалы әрі экологиялық таза аумағы деп атауға толық негіз бар. Мұның бәрі оқытушылар мен студенттерге ерекше жайлылық пен көңіл күй сыйлайды.
Баспасөз қызметі