29 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында бес мәселе талқыланды.
«Бақылау кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту» мәселесі бойынша аталмыш кеңес төрағасы, білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов сөйледі.
«ШҚМУ-дың 2017 жылғы даму жоспарының орындалуы есебінің жобасын келісу» және «ШҚМУ-дың 2018 жылғы даму жоспарына енгізілген өзгерістерді келісу», «ШҚМУ-дың 2017 жылғы қаржылық есебін алдын ала бекіту», «Кадр дайындау сапасы және жаңа білім бағдарламаларын құру» мәселелері бойынша университет ректоры М. Төлеген баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес ШҚМУ-дың 2017 жылғы даму жоспарының орындалуы есебінің жобасын, ШҚМУ-дың 2018 жылғы даму жоспарына енгізілген өзгерістерді, ШҚМУ-дың 2017 жылғы қаржылық есебін және жаңа білім бағдарламаларының құрылуын мақұлдады.
Кеңестің келесі отырысы алдағы маусым айында өтеді.
Баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген А.Попова