14 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында екі университет ректорының еліміздің оңтүстік аймақтарындағы мектеп түлектерімен онлайн-кездесуі өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген және Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Б.С. Әбдірасылов тікелей эфирде «Серпін» бағдарламасының студенттеріне оқуға түсу, оқыту шарттары мен артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Өскемен қалалық білім бөлімі ұйымдастырған кездесуге ШҚО білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы З.А. Мақсұтова және қалалық білім бөлімінің басшысы А. Абылайхан қатысты.
Сонымен қатар, талапкерлер ҰБТ-дағы инновациялар, осы жылы құжаттарды тапсыру форматы және ЖОО-ға дайындық бағыттары туралы сұрақтарға жауап алды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы