Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ базасында жазғы академиялық мектеп ашылады

Елімізде тұңғыш рет жергілікті жоғары оқу орындары базаларында балаларға арналған жазғы мектептер жұмыс істейтін болады деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жазғы каникул кезіндегі балалардың сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру туралы айтты.

Оның айтуынша, мектеп жанындағы, шатырлы, қала сыртындағы лагерьлерде 2,1 миллион бала демалады, оның ішінде 900 мыңнан астам дарынды балалар және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар бюджет қаржысы есебінен демалмақ.

Сондай-ақ, елімізде алғаш рет жергілікті ЖОО-лар базасында жазғы мектептер іске кіріседі.

«Қазірдің өзінде 10-нан астам жоғары оқу орны түрлі бейіндегі жазғы академиялық мектептерді ашуда», – деп мәлімдеді Б. Асылова.

Мектептер Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, М. Дулати атындағы ТарМУ, Қаржы академиясы, ҚазГЗИУ (Семей), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ сынды іргелі жоғары оқу орындарында құрылады.

Жазғы мектептер тәрбиеленушілері тілдерді, ІТ-технологияларды, роботты техниканы, биотехнологияны, кәсіпкерлікті, бизнес жүргізуді, құқықтануды, сындарлы ойлауды, хат жазуды және тағы басқа дағдыларды меңгереді.

Баспасөз қызметі

https://primeminister.kz/kz/news/all/kazakstanda-algash-ret-zhergilikti-zhoo-lar-negizinde-zhazgi-mektepter-ashiladi-kr-bgm-18482

Қазақ
× You found a Typo