Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының аяқталуына арналған салтанатты шарада студенттердің шәкіртақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды. Осы жаналықты С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері қуана қабылдады.
Оқу орнында 3853 студент, магистрант, доктаранттар оқыса, олардың 2291-і – мемелекеттік грант иегерлері. Жақсы жаңалық жастардың білімге құлшынысын арттырары анық.
Мемлекет басшысының студенттер стипендиясын арттыру өзекті мәселе екенін айтып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқитындар стипендиясын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылдағаны білімгерлерді қуанышқа бөледі. Бұл өзгеріс елдегі 130 мыңға жуық білімгерді қамтиды.
Ел болашағы – білімді ұрпақ қолында. Жастардың бәсекеге қабілетті кәсіби маман болып қалыптасуына қаржылай қиындық кедергі болмауы тиіс.
Нұрболат Советханов,
журналистика мамандығының 3 курс студенті