Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ биологтары 15 тонна жоғарыөнімді картоп өсірді

Биыл биология және биотехнология зертханасының қызметкерлері студенттер мен магистранттар көмегімен 15 тонна картоп жинады, яғни гектарынан 40 тонна өнім алынды, сондай-ақ биыл үш сұрып мемлекеттік тізімге енді.

Картоп «Облыстың сауықтырылған жерлерінде картоптың өте ерте және ерте пісетін сұрыптарын өсірудің инновациялық технологиясы» ғылыми жобасы аясында өсірілген.

Жұмыстар Ұлан ауданы Макеевка ауылындағы «Ярославское» ЖШС-де жүргізілді.

Көп жылдан бері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ шаруашылықтармен ынтымақтасып, селекция жұмыстарын атқаруда.

Зертхана қорында картоптың 90-нан астам өнімді сұрыптары бар. Ал, «Шығыс», «Изольда», «Таврия» сұрыптары биыл мемлекеттік тізімге енгізілді.

Тұқымдық картоп іріктелген соң, қалған 110 қапшық картоп жатақханада тұратын аз қамтылған отбасылардан шыққан және өзге елдімекендерден келген ШҚМУ студенттеріне тегін таратылды.

Биологтарға өнім өндіру үшін Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің, биология кафедрасының, экология және география кафедрасының студенттері болысқан.

Университет өнім өсіру және сұрып шығару ісіне белсенді қатысқан барша білімгерлерге алғыс айтады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo