Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ бойынша экскурсия-2020: №1 оқу ғимараты (фоторепортаж)

Ең ірі №1 оқу ғимаратының жанында С. Аманжоловтың ескерткіші орналасқан. Үлкен аудиториялардан бөлек, ғимаратта кітапхана, оқу залдары, мұражай, арнайы кабинеттер мен зертханалар, спорт залдары, «Ақбозат» шахмат клубы, Сирек кітаптар қоры мен Криминалистика орталығы бар.

№1 оқу ғимаратында тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканаты, Қазақстан тарихы және Рухани жаңғыру, азаматтық құқық және азаматтық процесс, педагогикалық білім беру және менеджмент, психология және түзету педагогикасы, химия кафедралары орналасқан.

 «Археология және Алтайдың мәдени мұрасы» ғылыми-әдістемелік мұражай аудиториясында археология, этно-мәдениет және университет тарихынан сыр шертетін бірегей экспонаттар сақталған.

Ал, В.С. Бажанов атындағы табиғат мұражайында, «Шығыс маржандары» ғылыми білім беру кешеніне енгізілген, Шығыс Қазақстанның флора мен фаунасының құнды экспонаттары бар. ҒБО-на фито-зертханалар, гербарий, геология сыныптары енген.

Криминалистика орталығы – студенттік заң клиникасы, сот мәжілістеріне арналған сот залы, ғылыми дауларды баламалы шешу орталығы, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі кабинеті, криминалистикалық есепке алу бойынша оқу зертханасы, криминалистикалық полигон, криминалистикалық техника кабинеті.

Сонымен қатар, мұнда «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы, Н.В. Алексеенко атындағы өлкетану кабинеті, ҚР сыртқы саясат кабинеті, мәжіліс залы, археологиялық зерттеулер зертханасы, дипломатия кабинеті, Еуразиялық зерттеулер кабинеті, діни зерттеулер кабинеті, философия кабинеті, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының филиалы, тарихи-мәдени мұра кабинеті, «Мектепке дейінгі балалық шақ» кабинеті.
Көпсалалы университеттің төртқабатты ғимаратында, жуырда ашылған Ж. Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті, профессор, техника ғылымдарының докторы А.С. Ахметов атындағы химия ІТ-кабинеті,  ШҚМУ-дың алғашқы ректоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Е.А. Мамбетказиев атындағы жалпы химияның оқу аудиториясы.
№1 оқу ғимаратында ӨПИ ректоры, химия ғылымдарының профессоры Ж.К. Уәлиев атындағы оқу аудиториялары, химиялық зертханалар, қабылдау комиссиясы, студенттер ісі бөлімі, баспасөз қызметі, ақпараттық-техникалық және цифрландыру орталығы, асхана мен буфет бар. 
№1 оқу ғимараты 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 34 мекенжайы бойынша орналасқан.
Кешенде «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, №3,4,5 Студенттер үйлері, А.Н. Трунов атындағы фитнес-орталық, «Берел» баспасы мен саябақ орналасқан.
 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo