Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 1-3 курс студенттері үшін Жазғы көшбасшылық мектебі ұйымдастырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Сібе» оқу-ғылыми өндірістік базасында «Волонтерлық және адалдық» жазғы көшбасшылық мектебі жұмыс істеді.

Үшкүндік мектеп жұмысына 1-3 курстың 100 студенті қатысты. Мектептің ашылуында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген құттықтау сөз сөйледі. Бұдан соң тренингтер өткізілді. Сабақтардан соң жастар табиғатта серуендеп, суға шомылды, спорттық ойындар ойнады.

Дәстүрлі түрде жыл сайын маусым айында «Сібе» базасында студенттер үшін көшбасшылық мектебі, тілдік мектептер, далалық іс-тәжірибе, магистранттар үшін диссертацияға материалдар жинау ұйымдастырылады. Көлдер жағалауындағы 40 мың гектар аумақта сирек кездесетін түрлі өсімдіктер өседі. Сондай-ақ, түрлі жануарлар мекен етеді.

Шілдеден бастап база оқытушылар мен қызметкерлердің демалыс орнына айналады. Ұлан ауданында орналасқан Сібе көлдері Садыркөл, Төртқара, Шалқар, Қоржынкөл, Қаракөл атты бес көлден тұрады. Олар Өскеменнен 85 шақырым жерде орналасқан, қалаға ең жақын демалыс орны болғандықтан мұнда келушілер көп.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo