Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 1 курс студенттеріне арналған психологиялық тренинг өтті

 Жуырда «Дефектология»  мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Жаңа ортаға бейімделу және топ ішіндегі коммуникативті дағдыларды дамыту» психологиялық тренингі өтті.

Педагогика, психология және мәдениет факультеті Психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушылары Ж. Ақанованың, Қ. Қанапиянованың, Б. Тұрымтаеваның ұйымдастыруымен «Дефектология»  мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Жаңа ортаға бейімделу және топ ішіндегі коммуникативті дағдыларды дамыту» психологиялық тренингі өтті.

Тренигті өткізуге 3 курс студенттері Мөлдір Әмәлиәт, Айза Сейітқамзина,  Назерке Асқабылова, Аяулым Көжебекова атсалысты. Тренинг барысында «Сыңарыңды тап», «Өзіңді ғана емес, өзгені де таны», «Атомдар», «Сені көргеніме қуаныштымын», «Мен және менің ортам», «Сұрақ-жауап» ойындары мен жаттығулары өткізілді. Тренинг тиімді өтті. Студенттер бір-бірі туралы және өздері жайлы көп ақпарат алды, коммуникативті дағдыларын дамытты. Топта ұйымшылдық байқалды, тренингтен студенттер жағымды эмоция алды.

Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo