Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 1-ші курс студенттерін қабылдау кеші өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика факультетінде «Қош келдің, жас журналист!» атты 1-ші курс студенттерін қабылдау кеші өткізілді.

Аталмыш іс-шараның қонақтарыныңарасында журналист, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ. Қасымов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Н. Бияров, қазақ орыс филологиясы және журналистика факультетінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы А.М. Картаева және басқа да ұстаздар болды. Олар университет табалдырығын енді аттаған студенттерге өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар, іс-шара барысында салтанатты түрде топ кураторы Чыншаева Назгүл Тоқтағанқызы таныстырылды.

Кеште журналистика мамандығының 2-ші курс студенттері Назарханова Әнел мен Сейітова Алтынай «Жібектің елі» әнін шырқап, жиналғандардың көңілін көтерсе,  Советханов Нұрболат  1-ші курс  студенттеріне арнап оқыған өлең шумақтары жиналғандардың ыстық ықыасына бөленді.

Өз кезектерінде 1-ші курс студенттері де, өнерден кенде емес екендіктерін көрсетті. Кеш түрлі ойындармен жалғасып, жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Журналистика мамандығының эдвайзері Бекбосынова Гүлмира Ахметқалиқызы уақыт бөліп келген қонақтарға алғыс білдіріп, 1-ші курс студенттерінің болашақ БАҚ өкілдері екенін атап өтіп, өз мамандықтарының майталманы болып шығуларына сенім білдірді.  .

Қанатқызы Ләззат,

«Журналистика» мамандығының

2-ші курс студенті

Қазақ
× You found a Typo