27 қарашада Экономика және құқық факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы 10-11 сынып оқушылары арасында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиада мақсаты – ШҚМУ-да одан әрі оқу үшін мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау.
Кафедра меңгерушісі А. Апышева құттықтау сөз сөйледі.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынды №11 орта мектеп-лицей, 2 орынды Шәкәрім атындағы №1 орта мектеп, 3 орынды О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей иеленді.
Жеке есепте I дәрежелі дипломмен Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Камила Биғалиева, II дәрежелі дипломмен №11 орта мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы Полина Асташова, ІІІ дәрежелі дипломмен Шәкәрім атындағы №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Ақерке Сейітқанова марапатталды.
«Қаржы және есеп» кафедрасы