«Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ базасында 10-11 сынып оқушыларына арналған экономика бойынша республикалық турнирдің облыстық кезеңін өткізді.
Іс-шараны өткізудегі мақсат – экономика негіздеріне қызығушылық танытатын барынша қабілетті оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту.
Қазылар алқасына өңірдегі жетекші ЖОО-лардың ғалымдары енді.
Кезеңнің нәтижелері ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының сайтында жарияланады www.shygysdaryn.kz.
Баспасөз қызметі