Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті

ШҚМУ-да «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптарды пайдаланудың әдістемелік мәселелері» дөңгелек үстелі өтті.

20 желтоқсанда Біліктілікті бекіту орталығы, Ғылыми кітапхана және әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытуда «Жаңа гуманитарлық білім. 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан кітаптарды пайдаланудың әдістемелік мәселелері» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Д. Серікбаев атындағы Жоғары техникалық колледжі, Өскемен құрылыс колледжі, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі, Техника-экономикалық колледжі, Өскемен медициналық колледжі, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі, экономика, психология, философия, әлеуметтану, тарих пәндерінің оқытушылары қатысып, тәжірибе алмасты.

Экономика ғылымдарының кандидаты, экономика және басқару қафедрасының доценті Ғайни Қойшынова, филология магистрі, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Жәзира Қайырбаева, Шығыс гуманитарлық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Жанар Әкімбаева, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті Аида Айтмұқашева, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы Гүлназ Турарова дүниежүзіндегі маңдайалды 100 университеттің бағдарламасына енген оқулықтардың мазмұны өзекті, заман талабына сай екенін атап, оқулықтарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн режимде сөз алған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Эльмира Сәмекбаева В. Фромкин, Р. Родман, Н. Хайамстың «Тіл біліміне кіріспе», С. Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық қарым-қатынас негіздері» еңбектеріне тоқталып, студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарымен таныстырды.

Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде «Эпиграф» компаниясының басшысы Игорь Гриценко мультимедиялық электронды оқулықтарды жасау және университеттердің оқу үдерісіне енгізу туралы презентациясын көрсетті.

Біліктілікті бекіту орталығы,

Әдістемелік жұмыс және іс-тәжірибе бөлімі,

Ғылыми кітапхана

 

Қазақ
× You found a Typo