Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 110 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда

Ағымдағы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мамандарды даярлау 110 білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылуда. Бакалавриат - 59, магистратура - 39, докторантура - 12. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 бағдарламаға артық. 

Биылғы жылы қосылған жаңа бағдарламалар (бакалавриат – 5, магистратура – 6, докторантура – 4), олардың ішіндегі екеуі интеграцияланған 

бакалавриат («Математика-Информатика», «Биология-Жаратылыстану»), сондай-ақ, екі инновациялық («Клиникалық психология», «Химиялық криминалистикалық сараптама»).

2020-2021 оқу жылында тағы үш жаңа оқу бағдарламасы енгізіледі: бакалавриат – «Тарих және цифрлық гуманитаристика»; «Дінтану және философия»; «Программалау, материалдарды өңдеу аппараттары және машина құрастыру»; магистратурада – «Педагогикалық өлшем» (ҚР БҒМ тапсырмасына сәйкес, педагогикалық кадрлар даярлау сапасын арттыру мақсатында).

Сонымен қатар, жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша, жүзеге асырылып жатқан үш бағдарламаның атауы өзгертілді:  «Кәсіби білім беру, көркем еңбек және графика», «Ядролық физика және атомдық энергетика», «Орман ресурстары, аң аулау және ара шаруашылығы».  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo