Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 145 жыл бұрын шығарылған сирек кітаптың көрмесі ашылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасының сирек кітаптар залына «Бір кітап көрмесі» жобасы аясында 1874 жылы 40 дан аболып шығарылған Николай Гогольдің «Вечера на хуторе близ Диканьки» суретті кітабы қойылды.

Бұл бірегей басылым – сыйға тартылатын альбом түрінде жасалған.

Н.В. Гоголь жас кезінен-ақ әдебиет пен кескіндеме өнеріне ынта қойып, актёрлікпен де айналысқан. 1829 жылы В. Алов деген бүркеншік атпен «Ганц Кюхельгартен» идиллиясын (ауылдың табиғатпен жарасқан тіршілігін бейнелейтін жыр) жариялады. Гогольді көпшілікке кеңінен танымал қылған «Диканька маңындағы хутор кештері», «Миргород», «Арабески», «Тарас Бульба» кітаптары болды.

Қоғамдағы «кішкентай адамның» қорлыққа толы өмірі «Шинель» повесінде психологиялық тұрғыдан кеңінен ашылған. Кейін осы тақырыпқа қалам тартқан орыс жазушылары арасында «Бәріміз Гогольдің «Шинелінен» шықтық» деген пікір қанатты сөзге айналды.

Ал Гогольдің «Ревизор» комедиясы қоғам өміріндегі елеулі оқиға болды. Гогольдің шығармаларының түйіні – 1835 жылдан жазыла басталған «Өлі жандар» поэмасы.

Романтизм мен нәзік лиризмді, жеңіл әзілді алғаш шығармаларында сәтті қолданған жазушы соңғы шығармаларында сол кезеңдегі орыс қоғамының шенеунікті-бюрократтық өмірін өткір сынға алды, орыс әдебиетінде гуманистік және демократиялық сарынның қалыптастыруына зор үлес қосты.

Сирек кітаптар оқу залы «Бір кітап» көрмесіне шақырады!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo