«2017 жылдың үздік жас ғалымы» конкурсының жеңімпазы болып Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана меңгерушісі, докторы Бауыржан Қорабайұлы Рахадилов танылды. Ол дипломмен және 100 мың теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды.
Конкурсқа университеттің 35 жасқа дейінгі ғалымдары қатысты. Комиссия құрамына университет ғалымдары мен өндіріс мамандары қатысты.
І дәрежелі Дипломмен және ақшалай сыйлықпен Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана кіші ғылыми қызметкерлері Қантай Нұрғамит пен Ақатан Қыдырмолла марапатталды.
ІІ дәрежелі Дипломмен және ақшалай сыйлықпен Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхана аға ғылыми қызметкері Жұлдыз Сағдолдина және биология зертханасының ғылыми қызметкері Айдын Оразов марапатталды.
Біздін instagram және facebook тіркелініз
Баспасөз қызметі,
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы