Жаратылыстану және технологиялар факультетінің «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» білім беру бағдарламасына 2020-2021 оқу жылының оқу жоспарына сай жаңа негізгі (бейінді) пәндер енеді.
Мәселен, Инженерия және технологиялар кафедрасы «Технологиялық процестерді автоматтандыру», «Құрылымдық материалдар технологиясы», «Плазма физикасы мен басқарылатын термоядролық синтезге кіріспе», «Ядролық реактор материалдарының физикалық және механикалық қасиеттері», «Лазерлер және олардың техникада қолданылуы», «Ұшқынды және плазмалық технологиялар», «Сирек және шашыраңқы металдардың гидрометаллургиясы», «Өндірістегі тәжірибелік зерттеу әдістері» пәндерін енгізетін болады.
Сондай-ақ, екі Minor пән пайда болады – «Қазақстандық токамак» және «Атомдық энергетика».
Оқу процесінде студенттер инновациялық технологиялар мен қолданбалы бағдарламаларды қолдана отырып эксперименттік және зертханалық зерттеулер жүргізуі керек.
Баспасөз қызметі