С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да магистранттарға диплом тапсыру салтанаты болып өтті.
Рәсімде құттықтаулар айтылып, университет гимні орындалды, түлектер қоштасу вальсін биледі.
Жиында стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ғалымбек Әділбекұлы Сералин, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Анар Базарқызы Мырзағалиева, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ирина Владимировна Ровнякова, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердин сөз сөйлеп, түлектерге сәттілік тіледі.
И.В.Ровнякова атап өткендей, ШҚМУ түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, нағыз кәсіби мамандар. Айталық, ЖОО түлегі Курчатов қалалық мәслихатының бас маманы Раушан Ешекенова «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды. Университет түлектерінің қауымдастығы жаңа, мықты әрі беделді мамандармен толығып келетінін де атап өтті. 215 магистрантқа дипломдар табысталды.
Мереке пресс-қабырға маңындағы естелік фотосуретке түсу рәсімімен аяқталды.
Баспасөз қызметі