С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 38 әлеуметтік аз қамтылған студент пен қызметкерге материалдық көмек көрсетілді, олардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар, жетімдер, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар бар.
Сондай-ақ, оларға азық-түлік жиынтықтары табысталды.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы – Нұрбақыт Қасымқызы Аяғанова басшылық ететін университет оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті.
Баспасөз қызметі