С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да мемлекеттік білім беру гранты және ауылдық квота бойынша 4 курста оқып жатқан студенттермен ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттер Үкіметтің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысымен танысты.
Сонымен қатар, студенттерге жұмысқа бөлу, өзін-өзі жұмысқа орналастыру және жұмыс істеу міндеттемесінен босату туралы ережелер түсіндірілді.
Жұмыс өтеу сұрақтары бойынша №1 оқу ғимаратындағы 123 кабинетке, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына хабарласуға болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру