С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 2020 жылы мемлекеттік білім беру гранты, оның ішінде «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы және ауылдық квота бойынша оқуды бітіретін студентерді персоналды жұмысқа бөлу рәсімі басталды.
Қазақстандағы және әлемдегі жағдайға байланысты жұмысқа бөлу комиссиясының отырыстары қашықтық форматта өтіп жатыр.
Бекітілген кестеге сәйкес 12 мамырда алғашқы «Дефектология» мамандығының 32 студенті, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 7 студенті, «Педагогика және психология» мамандығының 4 студенті, «Алғашқы әскери дайындық» мамандығының 2 студенті жұмысқа бөлінді.
Студенттерді жұмысқа бөлу процесі ағымдағы оқу жылының 20 мамырына дейін жалғасады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы