Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 5 компьютерлік сынып ашылды

Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде бес компьютерлік сынып ашылды.

Жаңа ІТ-сыныптар, алдымен, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының бағдарламашыларына арналған, бірақ математика, физика, инженерия және технологиялар кафедрасының өзге студенттері де жұмыс істей алады.

№7 оқу ғимаратының бес ІТ-сыныбына 50 компьютер орнатылған.

Ашылу салтанатына құттықтау сөз сөйлеген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген, оқу орнының серіктесі – Өскемен қаласы әкімдігі оқу-өндірістік комбинатының директоры Б.А.Ысқақов,  сондағы бейінді сыныптардың оқушылары және басқалар қатысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo