29.12.2018 ШҚМУ-да 7 аталым бойынша жыл қорытындысы шығарылды ШҚМУ-да «Жылдың үздік факультеті», «Жылдың үздік кафедрасы», «Жылдың үздік оқытушысы», «Жылдың үздік зерттеушісі», «Жылдың үздік жас зерттеушісі», «Жылдың үздік әдіскері», «Жылдың үздік қызметкері» байқауының нәтижелері шығарылды. Келесі аталымдар анықталды: «Жылдың үздік факультеті» – Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті; «Жылдың үздік кафедрасы» – Биология кафедрасы; «Жылдың үздік оқытушысы» – Орсаева Раиса Әнуарқызы, заң ғылымдарының кандидаты, қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті; «Жылдың үздік зерттеушісі» – Квеглис Людмила Иосифовна, физика-математика ғылымдарының докторы, физика және технологиялар кафедрасы; «Жылдың үздік жас зерттеушісі» – Ақатан Қыдырмолла, Ұжымдық пайдаланылатын ұлттық ғылыми зертхананың аға ғылыми қызметкері; «Жылдың үздік әдіскері» – Смаилова Жанар Өтегенқызы, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушысы; «Жылдың үздік қызметкері» – Шарапиева Гүлнұр Дәулетханқызы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженері. Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі View the full image View the full image