С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт болып өтті.
Концерт бірнеше блоктан тұрды. Іс-шара аясында концерттік бағдарлама ұсынылды, сонымен қатар ШҚМУ жігіттерінің бейнеқұттықтауы көрсетілді. ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген жоғары оқу орнында көп жылдар еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагер әжелерімізге алғыс хаттар табыс етті.
Баспасөз қызметі
фото авторы: А. Попов