Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да 9 және 11 сынып оқушыларына арналған «Қайдан оқуға болады?» атты интерактивті дөңгелек үстел жұмысына қатысты

ШҚМУ-да Өскемен қаласы әкімшілігінің «Оқу-өндірістік комбинаты» КМҰ негізінде өткізілген С. Аманжолов ат. ШҚМУ 9 және 11 сынып оқушыларына арналған «Қайдан оқуға болады?» атты интерактивті дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – әрі қарай оқу мен жұмыспен қамту орнын анықтау бойынша түлектерге ақпараттық көмек көрсету.

Дөңгелек үстелге Өскемен қ. Білім бөлімінің жетекшісі, Шығыс Қазақстан облысының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының кәсіби бағдар беружұмысы жөніндегі жетекшілер, Оқу-өндірістік комбинаттың директоры, жұмыспен қамту бөлімінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелдің жұмысына  Өскемен қаласының 18 мектебі он-лайн тәртіпте қосылды.

Университеттердің өкілдері келесі сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді: ЖОО-да оқу бағыттары, түлектердің болашағы, студенттік өмір, колледж түлектерінің оқудағы басымдылықтары. Жұмыспен қамту бөлімінің өкілі университет пен колледж түлектеріне арналған қазіргі таңдағы бар жұмыспен қамту бағдарламалары жайлы айтып өтті.

Оқушылар ЖОО түскен кезде әртүрлі категорияларға  берілетін жеңілдіктерге, колледжден кейін университетке түсу үшін тапсыратын кешенді тестілеуді тапсыру шараларына қығызушылық танытты.

Әрі қарай осындай он-лайн шараларды жылына екі рет: оқу жылының басында және ортасында өткізу жоспарланады.

Дөңгелек үстел көтеріңкі достық қатынаста өтті.

Маркетинг және ЖОО дейінгі дайындық орталығы

Қазақ
× You found a Typo