Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Абай DIGITAL» интернет-ресурсы құрылды

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Біздің ұжым осы іс-шараға дайындықты ерте бастап, кешенді жоспарларды іске асыруда.

Ғұлама Абай – әлемдік ойшылдардың қатарындағы дара тұлға. Ол біздің ұлттық ұранымыз! 

Бүгінгі күні Абайдың адам өміріндегі білім мен ғылымның маңыздылығы туралы дана өсиеттері ерекше маңызға ие. Ол өзінің отыз екінші қарасөзінде: «... ғылым үйренуге бар ықыласыңмен берілу керек, оқығаныңды ақылмен ойлап, есте сақтап қалуға тырысу керек» деп жазады.

Біздің жастарымыздың Ұлы даланың Ұлы ақынынан үйренетіні мол. Абайдың философиялық тұжырымдары – адамзат баласына ортақ адамгершілік әліппесі, рухани кемелдену мектебі.

Кемеңгер ой иесінің өсиеттерін әр адамның бойтұмарына айналдыру, жүрегіне жеткізудің тиімді жолдарының бірі – сіздерге ұсынылып отырған «Abai Digital» сайтының мобильдік нұсқасы.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры,

профессор М.Ә. Төлеген

Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ғылыми кітапханасы «Абай DIGITAL» (abai.vkgu.kz) жаңа интернет-ресурсын ашып отыр.

Жоба ақын мерейтойының облыстық жоспары аясында жүзеге асырылған.

Сайтта әдебиеттанушы және абайтанушы ғалымдардың, жазушылардың, мемлекеттік қайраткерлердің, зиялы қауымның мол мұрасы орналастырылған.

«Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухани соншалық жақындармыз...» деген Міржақып Дулатұлының сөздері ақиқатқа айналып отыр.

Еңбектермен abai.vkgu.kz сайтынан таныса аласыздар, ресурс ұялы телефондар арқылы да қолжетімді.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo