- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №9 оқу ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай дәрісханасы» ашылды.
Ашылу салтанатында университет ректоры М. Төлеген, профессор, абайтанушы М. Мырзахметов, танымал журналист Оңдасын Елубай құттықтау сөздерін жолдады.
Абайдың даналық дәрістерінен сусындап, адамгершілік, ізгілік қасиеттердің дәнін өскелең ұрпақ бойына сіңіру мақсатында ашылған дәрісхананың жастардың рухани құндылықтарды игеру жолындағы құралына айналарына сенімдіміз.
Дәрісхананың ашылуына қолдау жасаған ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлегенге алғыс білдіреміз.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы