- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Абайдың 175 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығына орай «Абай дүниетанымындағы адам мәселесі» дөңгелек үстелі өтті.
Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік апталығы аясында Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Абай дүниетанымындағы адам мәселесі» дөңгелек үстелін өткізді.
Дөңгелек үстелге кафедраның оқытушылары, факультет деканаты, әдістемелік бөлім мамандары, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысты. Шет тілі мамандығының 2-курс студенттері І. Дәлелханова, А. Базылханова, А. Иса, А. Тоқтасынова баяндама жасады. Сондай-ақ, оқытушылар білім ордамыздың Абайдың 175 жылдығына орай өткізіп жатқан шараларына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Студенттер кафедра пәндерін (Философия, Қоғамдық сананы жаңғырту, Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану т.б.) оқу барысында Абай мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қатысты алған білімдерін шыңдады.
Іс-шара қорытындысында Абай дүниетанымы талқыланып, Абайдың қара сөздері айтылды.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы