Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Абай мерейтойына орай вокалдық шеберліктен қашықтық байқау-фестивалі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың музыка кафедрасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында вокалдық шеберліктің қашықтық байқау-фестивалін өткізді.

Оған Шығыс Қазақстан облысының 52 оқушысы қатысты.

«Абай және музыка 2020» қашықтық байқауына қатысқан барлық оқушылар дипломдармен марапатталды. Жетекшілері балаларды сайысқа дайындағандары үшін мақтау қағаздарына ие болды. Өлең оқыған балалар грамоталар алады, өйткені бұл – вокалдық шеберлік байқауы.

Коронавирусқа байланысты дипломдар мен сертификаттар сканерден өткізіліп, 10-11 мамырда жіберіледі

Қазылар алқасының төрайымы мәдениет қайраткері, педагогика ғылымының кандидаты, ШҚМУ профессоры А.Б. Нұрғожина, мүшелері ШҚМУ аға оқытушысы Ю.Д. Ананьев, оқытушысы А.К. Кашей болды.

Орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын

1. Аймұхамет Мадина, БММ, Ұлан ауданы.

2. Тұрсынғазина Тоғжан , Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

3. Досжанов Дастан, Курчатов қаласының орта мектебі.

4. Құрманбай Шыңғысбай, І. Айтықов атындағы орта мектеп, Ұлан ауданы Тарғын ауылы.

2-орын

1. Жанабаев Богдан, №7 мектеп, Өскемен.

2. Ғазиз Айзере, Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

3. Арқаш Жігер, Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

4. Орынбекова Ақерке, Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

5. Фархад Аймина, №47 мектеп.

6. Түсіпқанова Әсем, Ақтайлақ би атындағы орта мектеп, Үшбиік ауылы.

3-орын

1. Қабдиева Баян, Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

2. Арқашов Жасқанат, Ж. Кәрменов атындағы саз мектебі.

3. Николенко Арина, №11 мектеп, Өскемен. 

Баспасөз мәлімдемесі

Қазақ
× You found a Typo