Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Абай шығармаларындағы адамзаттық құндылықтарға арналған республикалық вебинар өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай шығармашылығындағы жалпыадамзаттық құндылықтар» республикалық вебинары өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен елуге тарта тыңдаушы қатысқан вебинарды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Төлеген ашып, университетте ақын мерейтойына орай атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Олардың қатарында университет басшылығының мұрындық болуымен 2019 жылы Польшада «Абайтану» ғылыми-білім беру орталығының, университет жанынан «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының, 2018 жылғы Абай дәрісханасының ашылуын, Ғылыми кеңес шешімімен «Абай атындағы алтын төсбелгінің», «Абай атындағы шәкіртақының» тағайындалуын айтуға болады.

Абай атындағы ҚазҰПУ «Хакім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к. Жабал Шойынбет Абай даналығы тақырыбында баяндама жасап, «толық адам» ұғымына жан-жақты тоқталды. Осы оқу орнының С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Марат Бекбосынов отыз сегізінші қарасөз хақындағы пікір-толғамдарын ортаға салды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» оқу-ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Мақсат Әліпхан «Абай абсолютті ақиқаттар туралы» тақырыбында баяндады, ол данамыздың ойларын Аристотель, Конфуций, әл-Фараби пайымдарымен сабақтастыра отырып, қызықты ақпараттар ұсынды.

Университетіміздегі «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д., абайтанушы Айжан Қартаева модераторлық еткен онлайн-семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей, Өскеменнен оқытушы-ғалымдар, магистранттар, студенттер қатысты.

Тыңдаушылар вебинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап, университет басшылығына, ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға алғыс білдірді.

Мұндай шаралардың жас ұрпаққа, университет магистранттары мен студенттеріне берер рухани тағылымы мол.

Данагүл Исахұл,

«Филология» мамандығының 1-курс магистранты

Қазақ
× You found a Typo