Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Абайға арналған «60 секунд» брэйнг-ринг ойыны өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1-курс студенттері мен экономика және басқару кафедрасының аға оқытушысы Е. Домалатов Абайдың 175 жылдығына арналған «60 секунд» зияткерлік брэйнг-ринг ойынын өткізді.

Ойынға экономика және басқару кафедрасы академиялық топтарының студенттері мен кураторлары қатысты.

Ойын мақсаты – Абай мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың дүниетанымын, ішкі сезімін, эстетикалық қабілеттерін дамыту. «Абай жолы» романын білу керектігін ұғындыру, тарихи қазақ фильмдерін көруге баулу.

Брэйн-ринг ойыны 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең – сұрақ-жауап. Сұрақтар «Абай жолы» романынан және «Құнанбай» фильмінен қойылды. 2-кезең – эссе жазу. Топ мүшелеріне 15 минутта 3 түрлі тақырыпта жазу тапсырылды.

Нәтижесінде «Туризм» мамандығының 1-3 курс студенттері 3-орын, «Экономика» мамандығының 1-курс студенттері 2-орын иеленсе, 1-орынды «Мемлекетттік және жергілікті басқару» мамандығының 3-курс студенттері иеленді.

Жеңімпаз топтарға университет ректорының дипломдары табысталды.

Экономика және құқық  факультеті 

Қазақ
× You found a Typo