С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» шығармашылық іс-шарасы өтті.
Ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор Абайдың мерейтойына арналған шығармашылық іс-шара жоғары дәрежеде өтіп, студенттер өздерінің жан-жақты екендіктерін көрсете білді.
Сайысты «Биология» білім беру бағдарламасының эдвайзері Г. Көмекова, магистрант Г. Доланбаева және 1 курс студенттері ұйымдастырды.
Биология кафедрасы