Алғашқы әскери дайындық кафедрасында екінші семестрдің ағымдағы, аралық және қорытынды аттестациясы мәселелері бойынша кафедраның кезектен тыс отырысы өтті.
Отырыста кафедра меңгерушісі В. Сунцов оқытушылар назарын қашықтан оқытуға көшу нәтижесінде пайда болған аттестациялаудың ерекшеліктеріне аударды.
Оқытушылар қашықтан оқытуға байланысты туындаған қиындықтарға түсіністік танытты.
Отырысқа Психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Г. Күленова мен деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысты.
Алғашқы әскери дайындық кафедрасы