С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың АӘД кафедрасында 1-курс студенттері арасында Қарулы Күштер Жарғысын білуден викторина өтті.
Оны Психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында алғашқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушысы Б. Туғанбаев қазақ тілінде оқитын 1-курс студенттерімен өткізді.
Студенттер терең білімдерін, белсенділіктерін танытты. Үздік нәтижені студенттер Дина Қадыс, Мұхамет Ерболат, Жаннель Ноғайбаева, Алдияр Түгелбай, Дильнара Қайнар көрсетті.
Баспасөз қызметі