Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталды

26 наурызда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимаратының алдында «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны-акциясы бастау алды.

Акцияны ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, Өскемен қаласының әкімдігі және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ.

Өскеменде марафон 26 наурыздан 6 сәуірге дейін өтеді.

«Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қалаймыз» – акция қатысушылары осы ұранды басшылыққа алып отыр.

Іс-шара аясында Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкина, «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары О.В. Чугунков, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің жетекшісі Ж. Қабдолдақызы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген, «ШҚО Талдау және болжау институты» ЖШС директоры О.В. Чернышов сөз сөйледі.

– Марафонның мақсаты – тұрғындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа деген нөлдік төзімділік атмосферасын құру, – деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің жетекшісі Ж. Қабдолдақызы.

Марафонды бастау құқығы Өскемен қаласы әкімінің орынбасары О.А. Булавкинаға берілді.

– Өскеменде марафон 26 наурыздан 6 сәуірге дейін өтеді, одан соң кезек көршілеріміз – Ұлан ауданына беріледі, – деді ол.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті коррупциялық құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне деген нөлдік төзімділікті тәрбиелеу үшін барлық жағдайларды жасап отыр. ШҚМУ сайтында «Ректор блогы», сенім телефоны, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-порталы жұмыс істейді, университетте «Таза сессия» акциясы жүргізіліп тұрады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіптік кеңес құрылған.  

Ресми бөлімнен кейін акцияға қатысушылар Тілектер тақтасына сыбайлас жемқорлық мәселесі бойынша өз ұсыныстары мен талап-тілектерін қалдырды, сонымен қатар «Жемқорлық тізбегін үз» ақпараттық парақшалары таратылды.

Баспасөз қызметі,

фото А. Попова

Қазақ
× You found a Typo