Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да «Агора» студенттік клубы ашылды

«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы жанынан «Агора» студенттердің пікірталас клубы ашылды.

«Агора» – көне грек сөзі, Ежелгі Грекияда халық жиналысын солай атаған, алғашында жиналыс өткізілетін жерді (қаланың орталықтары, базар) агора дейтін. Бірте-бірте агоралар өз алдына мемлекет болған қалалардың саяси өмірінің орталығына айналды. Әсіресе Афиныдағы Агора өте әйгілі болды. Ол трапеция пішіндес келіп, айналасы қоғамдық ғимараттармен, жабық галереямен, ғибадатханамен қоршалған болатын.

Клубтың алғашқы жиынына ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Плеханов атындағы РЭУ студенттері қатысты. Клуб жетекшілері – «Алтайтану» орталығының директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы А.Н. Алексеенко және «Алтайтану» орталығының ғылыми қызметкері, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Э.О. Столярова.

«Әділдік дилеммасы: Ар (дәстүр) немесе Құқық (заң)» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталас қызықты әрі тартысты өтті.

Барша өскемендік студенттер мен оқушыларды клуб мүшелігіне шақырамыз!

Клубтың келесі отырысы ақпанда өтеді!

Нақты күні мен уақытын «Алтайтану» орталығынан (ШҚМУ-дың 1-ші корпусы, 323 дәрісхана), не болмаса ШҚМУ сайтының Хабарландыру бөлімінен білуге болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo