С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанындағы «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы оқытушылар мен студенттерді ағылшын тілі курстарына шақырады.
Курсқа жазылу 21-25 қаңтар аралығында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін төмендегі мекенжайда жүреді: 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, 220 кабинет (С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты).
Өзіңізбен бірге жеке құжаттың көшірмесі және университеттің ресми сайты «Көптілді білім беруді іске асыру» бөліміндегі ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған тест нәтижесі болуы тиісті.
Байланысушы тұлға: Айгүл Сағынғанқызы Сайлыбаева
Байланыс телефоны: +7(7232) 540 665, center_pol@mail.ru
«Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы