Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Г.К. Қапышева, Д.А. Маткәрімова, С.Ж. Бейсенова, Е.Е. Чжан, И.Ю. Ларионова, А.Ч. Олжабаева, Е.М. Әбсейітова ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары қатысты.

Бас жүлдені «Білім Инновация» лицейінің оқушысы Ербұлан Әшімбаев жеңіп алды. 1 орынды Жамбыл интернатының оқушысы Адель Қожамқұл, 2 орынды Мәрсеков атындағы мектептің оқушысы Айым Абитханова мен «Білім Инновация» лицейінің оқушысы Руслан Дәулетханов иеленді. 3 орынды катонқарағайлық Әділет Рамазан, риддерлік Дмитрий Ткачев, бородулихалық Диана Насриев алды.

Мұғалімдерге кафедра профессоры И. Ларионова тарапынан шеберлік-сыныбы өткізіліп, сертификаттар берілді.

Сайыстан соң оқушылар ШҚМУ кітапханасымен, факультет және кафедра тынысымен, оқу бағдарламаларымен танысты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo