ШҚМУ базасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы» тақырыбына арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
А. Байтұрсыновтың 145 жылдығына арналған конференцияда ағартушы-ғалымның қазақ тілін дамытуға, қазақ жазуының тарихына қосқан үлестері туралы айтылды, латын қарпіндегі жаңа әліпбидің өзектілігі тағы бір мәрте атап өтілді.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленралық отырысында қазақ жазуының тарихы, А. Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің дамуына қосқан үлесі және латын қарпіне негізделген жаңа әліпбидің ерекшеліктері талқыға салынды.
Конференция аясында қатысушылар «Латын әліпбиі – өркениет жазуы» және «А. Байтұрсыновтың еңбегі және жазу реформасы» атты екі секцияда жұмыс істеді.
Ғылыми-практикалық конференцияға ғалымдар, зиялы қауым, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Баспасөз қызметі