Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

4 ақпан күні университетте білім беру бағдарламаларын қорғау форматында өткен Академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс – шараның негізгі мақсаты - 2020-2021 оқу жылынан бастап жүзеге асыру жоспарланған білім беру бағдарламаларын өзектендіру және оңтайландыру мәселелерін талқылау, білім беру бағдарламаларының Реестріне енгізу мақсатында білім беру бағдарламаларын сараптау қорытындысын шығару.

Отырысты жұмыс тобының төрағасы, университет ректоры, профессор М.Ә.Төлеген ашты. Ол білім беру бағдарламаларының сұранысқа ие болуы мен бәсекеге қабілеттілігін күшейту, түлектердің дайындық сапасын арттыру, оларды практикалық дайындау және табысты жұмысқа орналастыруды жандандыру бойынша белсенділіктің маңыздылығын атап өтті.

Кестеге сәйкес Академиялық кеңес отырысының бірінші күні жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің кафедралары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларын қорғау өтті. Жеті кафедра меңгерушілері білім беру бағдарламаларын өзектендіру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

Серіктес-жұмыс берушілермен бірлескен жұмыс, сондай-ақ 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша жобалау комитеттерінің өткізілген отырыстарының нәтижесінде жұмыс оқу жоспарлары оңтайландырылды, білім беру бағдарламалары, элективті пәндер каталогтары айтарлықтай жаңартылды.

Барлық оқу-әдістемелік құжаттама кәсіби стандарттарды, заманауи үрдістер мен трендтерді ескере отырып өзектілендірілді. Білім беру бағдарламаларында түлектердің талап етілетін құзыреттіліктерін дамытуға, практикалық дағдыларға, соның ішінде кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға баса назар аударылды.

Цифрландыру идеяларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Назарбаев Университеті оқытушылары өткізген білім беру бағдарламаларын сараптау нәтижелері бойынша элективті пәндер каталогына түлектердің сандық және ақпараттық құзыреттілігін дамытуға бағытталған жаңа курстар енгізілді.

Педагогикалық кадрларды сапалы даярлау, білім берудің жаңартылған мазмұнының идеяларын іске асыру мақсатында «Курсты оқыту әдістемесі» пәндерінің мазмұны өзектілендірілді.

Білім беру бағдарламаларының жетекшілері «Minor» қосымша білім беру бағдарламаларының каталогына енгізу үшін пәндерді ұсынды.

Академиялық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері әр білім беру бағдарламасы бойынша нақты ұсыныстар берді. Білім беру бағдарламалары бойынша жобалау комитеттеріне дуальді оқыту элементтерін енгізуді кеңейту, нақты практикалық дағдыларды алу, бітірушілерді одан әрі жұмысқа орналастыру үшін сапалы даярлау мақсатында кәсіптік практикаға бөлінетін сағаттар санын арттыру ұсынылды.

Университеттің Академиялық кеңесі

 

Қазақ
× You found a Typo