Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да білім беру бағдарламаларын қорғау форматында өткен академиялық кеңестің екінші кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысының мақсаты – 2020-2021 оқу жылынан жүзеге асыру жоспарланған білім беру бағдарламаларын өзектілендіру және оңтайландыру мәселелерін талқылау, білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мақсатында білім беру бағдарламаларын сараптау қорытындысын шығару.

Отырысты жұмыс тобының төрағасы, университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген ашты. Ол білім беру бағдарламаларын өзектілендіру және оңтайландыру, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау сапасын арттыру, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жандандыру, білім алушыларды тәжірибелік даярлау және түлектерді табысты жұмысқа орналастыру маңызын атап өтті.

Осыған орай, Академиялық кеңес отырысының екінші күні педагогика, психология және мәдениет факультетінің кафедралары жүзеге асыратын білім беру бағдарламаларының жетекшілері тыңдалды. Бес кафедраның білім беру бағдарламаларының жетекшілері білім берудің жаңартылған мазмұнының идеяларын, заманауи трендтерді, кәсіби стандарттарды ескере отырып, БББ өзектілендіру және оңтайландыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтып, негізгі мәселелерді, оларды шешу жолдарын атап өтті.

Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша жоба комитеттерінің өткізілген отырыстары нәтижесінде жұмыс оқу жоспарлары оңтайландырылды, білім беру бағдарламалары, элективті пәндер каталогтары жаңартылды, «Minor» қосымша білім беру бағдарламаларының каталогтары құрастырылуда.

Оқу-әдістемелік құжаттар кәсіби стандарттар, заманауи үрдістер мен трендтер ескеріле отырып өзектілендірілді. Білім беру бағдарламаларында түлектерден талап етілетін құзыреттіліктерін дамытуға, практикалық дағдыларға, оның ішінде кәсіпкерлік бағдарларға назар аударылды.

Педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология», «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламалары бойынша докторантура ашу ұсынылды.

Жұмыс қорытындысы бойынша мүшелер әр білім беру бағдарламасы бойынша ұсыныстар берді.

Университеттің академиялық кеңесі

Қазақ
× You found a Typo