Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да Академиялық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті

Университетте білім беру бағдарламаларының жетекшілері және менеджерлері қатысқан Академиялық кеңестің кеңейтілген online-отырысы өтті.

Отырысты Академиялық кеңестің төрағасы, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, қауымдастырылған профессор Д. Ерболатұлы ашты.

Университет Академиялық кеңесінің күн тәртібіне сәйкес бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Атап айтсақ, «Білім беру бағдарламаларын сараптау нәтижелері және оларды тізімге енгізу туралы» ақпараттармен жобалау кеңсесінің басшысы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова, білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің бастығы С.С. Оразова баяндады. Баяндамашылар серіктес-жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу, сондай-ақ 2020-2021 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары бойынша жобалау комитеттерінің өткізілген отырыстарының нәтижесінде жұмыс оқу жоспарлары оңтайландырылды, кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламалары, элективті пәндер каталогтары айтарлықтай жаңартылды. ЖОО жүзеге асыратын барлық білім беру бағдарламалары тізімге енгізуге дайын.

«Рухани жаңғыру» жаңа гуманитарлық білім беру бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған оқулықтарды енгізу нәтижелері туралы» ғылыми кітапхана директоры П.К.Нұралиева өз хабарламасында қашықтан оқыту аясында аударылған оқулықтарды енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстарға тоқталды. 

Кәсіби тәжірибенің жетекшісі Ж.Т.Тоқаева кәсіптік іс-тәжірибелерді ұйымдастыру тәсілдерін өзгерту, негізгі оқу-әдістемелік құжаттамаға түзету енгізу, қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып іс-тәжірибе бойынша есептерді қорғауды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Е-Univer білім беру порталында «Кәсіби тәжірибе» модулімен жұмысты жандандыру бойынша ұсыныс берді.

«Қашықтан оқыту жағдайында қорытынды және аралық аттестаттауды ұйымдастыру туралы» ақпаратпен академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И.С. Стеблецова, Тіркеу кеңсесінің бастығы М.О. Мұстафина сөз сөйледі.

«Әр түрлі» бөлімінде білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің басшысы С.С. Оразованың «2020-2021 оқу жылына арналған пәндер бойынша оқу бағдарламаларын бекіту туралы», сондай-ақ университеттің Академиялық кеңесінің сараптау комиссиясының төрағасы А.А. Әлімханның «ОӘӘ баспаға ұсынысу туралы» ақпараты тыңдалды.

Академиялық кеңес жұмысының қорытындысы бойынша оның мүшелері білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту, қашықтан оқыту жағдайында қорытынды және аралық аттестаттауды нәтижелі ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берді.

Университеттің Академиялық кеңесі

 

Қазақ
× You found a Typo