ШҚМУ-да ЭПК және жекелеген пәндерді үйлестіру жөніндегі Академиялық кеңестің «Лингвистика және аударматану» комитетінің отырысы өтті.
Комитет жетекшісі Г. Қапышева «Барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар» жаңа құжатының бекітілгені туралы хабарлады. И. Ларионова шет тілі және аударма ісі мамандықтары түлектерінің жұмыспен орналасуы туралы баяндады. Еңбекпен қамтылу 99 пайызды құраған.
Отырыс соңында бірқатар пәндер бойынша каталог бекітілді. Кеңестің оқу жылына арналған жоспары қаралды.
Баспасөз қызметі