Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да академиялық топ кураторларының кезекті отырысы өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кураторларының отырысында үш мәселе қаралды.

Топ кураторларының кезекті отырысы тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру және жанандыру бағытында өтіп, мына мәселелерді қамтыды – университеттегі тәрбие жұмысының жалпы жағдайы және идеологиялық жұмысты күшейту міндеттері, топ кураторлары жұмысының 2019-2020 оқу жылының 1 жартысы бойынша жүргізілетін ішкі аудит жұмысының жүргізілу барысы, 2019-2020 оқу жылының 2 жартысына арналған мерекелік шаралар, түрлі мәселелер.

Бірінші мәселе бойынша стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова баяндама жасап, университеттің тәрбие үдерісіндегі жалпы жағдайға тоқталды, мереке күндеріндегі қауіпсіздік, Студенттер үйлерімен байланысты күшейту, студенттердің ішкі тәртіп ережесін сақтауын қадағалау мәселелерін айтты.

  Екінші, үшінші мәселе бойынша тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі басшысының орынбасары Г.А. Абылқасымова ақпарат беріп, кураторлық қызметті ұйымдастыру бағытындағы ішкі аудит жұмысының тәртібімен таныстырды. Топ жетекшілерінің папкасы мен құжаттарының рәсімделуіндегі тәртіп пен бірізділік туралы түсіндірді.

Түрлі мәселелер бөлімінде топ кураторлары ұсыныстар мен пікірлерді ортаға салып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселелер шешімін тауып, тәрбие үдерісіндегі келесі жарты жылдыққа арналған басым бағыттар мен мақсаттар айқындалды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлім

Қазақ
× You found a Typo