2019-2023 жылдарға арналған аккредиттелетін білім беру бағдарламаларын дамыту жоспарына сай бірқатар іс-шаралар қарастырылған.
Іс-шаралар қатарында – халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өту; ұлттық және әлемдік академиялық рейтингтерге қатысу; білім беру ұйымдарында кафедралар филиалдарын ашу; білім беру бағдарламаларын әзірлеуге стейкхоллдерлерді тарту; қосдипломды білім беру бағдарламаларын енгізу.
Мұнымен қоса, білім алушылар мен оқытушылардың халықаралық академиялық ұтқырлығының мүмкіндіктерін кеңейту; шетелдік ғалымдарды, оқытушыларды, кеңесшілерді оқу үрдісіне тарту; іргелі және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, халықаралық бағдарламалар бойынша қызметкерлер біліктілігін арттыру қарастырылған.
Баспасөз қызметі