Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ-да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәнінен ағылшын тілінде ашық сабақ өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ағылшын тілінде ашық сабақ өтті.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Салтанат Әдиқанова «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1 курс студенттеріне «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ағылшын тілінде ашық сабақ берді.

Сабаққа факультет деканының орынбасары А. Тұқышова, оқытушылар, студенттер және магистранттар (Көбентаева С., Қадырова А., Кәрменова М., Шошақ М., Құмашев Р., Әлімхан М. Шаймерден С.) қатысты.

Студенттері семинарға белсенді қатысып, бейнересурстары бар презентацияларын ағылшын тілінде көрсетті. Active Inspire Professional мультимедия құралы қолданылды.

Сабақ білім берудің жаңартылған мазмұны әдістемесі бойынша өтті, сын тұрғысынан ойлау техникасы, критериалды бағалау, оқытудың түрлі интерактивті әдістері қолданылды, рефлексия жүргізілді («бес саусақ» әдісі). Сабақ соңында оқытушы студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, олардың жұмысын бағалады.

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo