С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 4 курс студенттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Жас техниктер станциясы өкілдерімен кездесті.
Осы жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша 9 студент оқуды аяқтайды, оның ішінде 4 студент «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы бойынша.
Жұмыс берушілер бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу шарттары мен талаптары, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктер туралы ақпарат ұсынды.
Түлектерді жұмысқа бөлу циклограммасына сәйкес мамандықтар бойынша атаулы бос жұмыс орындар жәрмеңкелері сәуір айының аяғына дейін өтеді.
Қосымша сұрақтар бойынша маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына (№1 оқу ғимараты, 123 каб.) хабарласуға болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы